сейсенбі, 1 сәуір, 2025 16:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Германия президенті канцлер мен үкіметті отставкаға жіберді

Германия президенті канцлер мен үкіметті отставкаға жіберді
Фото: BILD
Бұл туралы Deutsche Welle жаңалықтар порталы мәлімдеді

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер федералдық канцлер Олаф Шольц пен оның үкіметіндегі 14 министрге отставкаға кету туралы құжаттарды табыстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты рәсім Берлиннің орталығындағы Бельвю президенттік сарайында өтті. Германияның негізгі заңы бойынша, канцлер мен министрлер жаңа Бундестаг шақырылған күні қызметтерін тоқтатады.

Алайда Штайнмайер Шольц пен министрлерден бірер апта бойы міндеттерін уақытша атқара тұруды сұрады. Бұл рәсім заңда қарастырылған. Олар жаңа үкімет құрылғанша жұмысын жалғастырады. Бұған дейін жаңа канцлер Фридрих Мерц үкіметті 20 сәуірге дейін жасақтауға уәде берген еді.

Министрлерге қарата сөйлеген сөзінде Штайнмайер оларға алғыс білдіріп, Шольцты "парасатты саясаткер" деп атады және оның үкіметімен бірге атқарған еңбегін жоғары бағалады. Бұған дейін Шольц пен Штайнмайер Германияның Социал-демократиялық партиясының мүшелері болған. Алайда 2017 жылы президент болғаннан кейін Штайнмайер партиядағы мүшелігін тоқтатқан.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар