жексенбі, 27 шілде, 2025 10:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иран Катардағы америкалық базаны зымыранмен атқылады

Иран Катардағы америкалық базаны зымыранмен атқылады
Фото: tasnimnews.com
Катар Иранның бұл әрекетін айыптап, оны елдің аумақтық тұтастығы мен әуе кеңістігін бұзу деп бағалады.

АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысына жауап ретінде Иран Катардағы Аль-Удейд америкалық әуе базасына зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

«Ислам Республикасына тиесілі бейбіт ядролық нысандарға АҚШ-тың қылмыстық режимі тарапынан жасалған әскери шабуыл мен халықаралық құқықтың өрескел бұзылуына байланысты, Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің шешімімен және "Хатам әл-Анбия" орталық штабының басшылығымен Ислам революциясы сақшылары корпусы "Бишарат әл-Фатх" операциясын бастап, Катардағы Аль-Удейд америкалық базасына ауыр әрі жойқын зымыран соққысын жасады. Бұл база – АҚШ Әуе күштерінің негізгі басқару орталығы және Батыс Азиядағы ең ірі стратегиялық нысаны», – делінген Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) мәлімдемесінде.

Катардың Қорғаныс министрлігі америкалық Аль-Удейд әуе базасына бағытталған зымыран шабуылын елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері сәтті тойтарғанын мәлімдеді, деп жазады CNN. Министрлік шабуылдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін айтты.

Катар Иранның бұл әрекетін айыптап, оны елдің аумақтық тұтастығы мен әуе кеңістігін бұзу деп бағалады.

«Катар мемлекеті бұл агрессияға халықаралық құқыққа сәйкес және оның сипаты мен ауқымына сай тікелей жауап беру құқығын сақтап қалатынын мәлімдейді», – деді Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мажед Аль-Ансари.

Доха тұрғыны (Катар астанасы) қалада қатты жарылыстардың болғанын айтып, жергілікті билік азаматтарды қауіпсіз жерге көшуге ескерту жасамағанын жеткізді.

«Балаларымыз абдырап қалды, біз оларды жертөлеге сүйрелеп апардық. Билік қауіпсіздікке байланысты ешқандай ескерту жасаған жоқ. Жағдай өте күрделі, шабуыл да, оны тойтару да жүріп жатыр», – деді ол.

Әлеуметтік желілерде Доха көшелерінде дүрбелең туындаған видеолар тарап жатыр. Адамдар үреймен жан-жаққа қашып жатыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар