Ирандағы ядролық нысандарға жасалған соққы: МАГАТЭ шұғыл жиын өткізеді
- авторБақытжан Бекболат
- 23 маусым, 2025
- 639

Дегенмен, жағдай әлі де күрделі. Осыған байланысты агенттік бас директоры Рафаэль Гросси ертеңге шұғыл басқарушылар кеңесінің отырысын шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл кеңеске ядролық технологияны кеңінен меңгерген 35 мемлекет мүше.
АЭХА мәліметінше, соққы тиген нысандарда не мүлде ядролық материал болмаған, не өте аз мөлшерде ғана болған. Егер жергілікті деңгейде ластану болса да, ол бүлінген ғимараттардың шегінен шықпаған.
Бұл уақытта өзге болжамдар да айтылуда. The Economist газеті жариялаған материалдарда ирандық ғалымдар кейбір есепке алынбаған ядролық материалды агенттік бақылауынан бұрын әдейі әкетуі мүмкін деген дерек келтіріледі. Израиль тарапы мұндай нұсқаны жоққа шығармайды. Haaretz басылымының хабарлауынша, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Фордо нысанынан байытылған уран соққыға дейін көшірілген-көшірілмегені туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте дейді.
Иранның Атом энергиясы ұйымына қарасты Ұлттық ядролық қауіпсіздік орталығы соққы жасалған орындарда радиациялық ластану белгілері тіркелмегенін, жергілікті халыққа қауіп жоқ екенін раMAXAR TECHNOLOGIESстады.
Доллар, еуро мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Иран мен Израиль қақтығысы: Президент Пезешкиан жарақат алды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 шілде, 2025