бейсенбі, 29 мамыр, 2025 14:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Лондонда Кир Стармерге тиесілі үйден өрт шықты: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Лондонда Кир Стармерге тиесілі үйден өрт шықты: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: PHIL MOBLE/ REUTERS
The Guardian басылымының хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерге тиесілі үйде шыққан өрттің себебін полиция анықтап жатыр.

Өрт 12 мамыр күні түнгі 1:30 шамасында басталған. Тілсіз жау 30 минутқа жетпей сөндірілген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Өрт сөндірушілердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ, тек кіреберіс есік зақымданған.

Қазіргі уақытта премьер-министр отбасымен бірге Даунинг-стриттегі ресми резиденцияда тұрады. Ал өрт шыққан төрт бөлмелі үй Лондонның Кентиш-Таун ауданында орналасқан және жалға беріліп отырған.

Үй маңында қауіпсіздік қоршауы қойылып, оқиға орнында полиция мен өрт қызметінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр.

Бұл оқиға Кир Стармердің миграциялық саясатты күшейтуге бағытталған үкімет жоспарын жариялағаннан кейін белгілі болды. Жаңа реформалар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін елде тұру мерзімін бес жылдан он жылға ұзартуды көздейді.

«Біз ашық шекаралар тәжірибесіне нүкте қоямыз. Көп уақыт бойы жұмыс берушілер жергілікті мамандарды дамытуға қаражат салудың орнына, арзан жұмыс күшін тартуға құмар болды. Біз бұл жүйені түбегейлі өзгертеміз және шекараларымыздағы бақылауды қайта қалпына келтіреміз», – деп жазды Кир Стармер X әлеуметтік желісінде.

Ол және оның жұбайы Виктория бұл үйді 2004 жылы сатып алған. Бұған дейін де бұл үйге наразы топ шабуыл жасаған. Өткен жылы осы үй маңындағы палестиналық наразылық кезінде үш адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танылған еді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар