Ұлыбританияда Рождество мерекесі тойланбайды
Ұлыбритания билігі Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге арналған жоспарынан толықтай бас тартты. Оған себеп, мемлекет ішінде коронавирустың жаңа штамының таралуы. Лондон, Уэльс, Шотландия және Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында 20 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап, 30 желтоқсанға дейін ең жоғары - төртінші деңгейдегі карантин енгізілді.
Елде барлық дүкендер (бірінші кезектегі тауарларды сатанын дүкендерді қоспағанда), сұлулық салондары мен спорт клубтары жабылуда.
⠀
Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, VUI-202012/01 деп аталған COVID-19 жаңа мутациясы таралу қарқынына жоғары болғандықтан адамдарға аса қауіпті болып келеді. Бүгінгі күні Лондондағы COVID-19 жұқтырғандардың 60% астамында осы ерекше штамм анықталған. Сонымен қатар, алдын-ала мәліметтер бойынша, аталған мутация алдыңғы штаммға қарағанда жұқпалылығы 70% жоғары болуы мүмкін.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Президенттің атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 31 желтоқсан, 2024
Әлемде
“Екі ұшқыш қаза тапты”. Түркияда тікұшақ әлеуметтік нысанға құлады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024