Вьетнамда тұратын Май Фам ару қазақ тілін небәрі 1 жылда үйренген. Өзі ғана тіл үйреніп қоймай, вьетнамдықтардан бөлек, өзге елдің ұл-қыздарына қашықтан сабақ береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.
Димаш Құдайбергеннің өнері арқасында қазақ мәдениетіне құлай ғашық болған Май Фам бүгінде қазақшаға ден қойған. Мақсаты – Димаштың ана тілін түсіну, төл мәдениетіне терең бойлау. Онысы жайлы әншінің Алматыдағы концертінде, дүйім жұрттың алдында қазақша мәлімдеген еді.
Май 2021 жылы қазақша үйрене бастаған. Қазақстаннан қашықтан оқытатын мұғалім тапқан. Мұны Вьетнамдағы Димаштың басқа жанкүйерлері де көріп, олар да қолқа сала бастаған. Сөйтіп, кейінгі екі жылда Май тек вьетнамдықтар ғана емес, әлемнің өзге де елдеріндегі қазақ тілін үйренем деушілерге онлайн форматта сабақ беріп жүр, деп хабарлайды телеарна тілшісі.
«Қазақ тілін үйрену мені керемет бақытқа бөлейді. Вьетнам әліпбиі латынша, ал қазақ әліпбиі кирилше болса да, егер байқап отырсаңыз, екеуі бірдей-ақ. Олардың негізгі айырмашылығы әріптердің дыбысталуында. Әрине, ережелер басқаша, бірақ бір жылға жуық уақыт үйренгеннен кейін қатты қиын болмайды»- дейді Май Фам.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Адам өлтіріп, 15 жыл іздеуде болған павлодарлық ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024