дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 7:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Адам өлтіріп, 15 жыл іздеуде болған павлодарлық ұсталды

Адам өлтіріп, 15 жыл іздеуде болған павлодарлық ұсталды
Сурет: polisia.kz
2009 жылы Павлодар полициясына ер адам әйелінің жоғалып кеткенін айтып хабарласқан

Айтуынша, әйел досына кетіп, қайтып оралмаған. Полицейлер іздестіру барысында Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлерін бағдарлап, ол жақта жоғалған адам туралы хабар таратқан. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia сайтының жазуынша, геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растап, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды.

Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда әйелді тұншықтырып өлтіріп, содан кейін оның денесін суға тастаған.

«Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазір қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр»  – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар