жексенбі, 24 қараша, 2024 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол былтыр әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қолға түскен

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс соттың қарауына түсті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы бүгін бірқатар БАҚ хабарлады. Azattyq Ruhy ақпарат агенттігі хабарлағандай, бүгін, 26 ақпан күні сотқа түскен істі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қарайды. Бишімбаевпен қатар, оның туысқан ағасы – қылмыс болған мейремхананың директоры Бақытжан Байжановтың та ісін осы сот қарайды.

Айта кетейік, 2023 жылы 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің мәйіті табылған. Кейін анықталғандай, полиция оқиға орнында бұрынғы министр, кезінде жемқорлық үшін он жылға сотталып, мерзімінен бұрын босап шыққан Қуандық Бишімбаевты қолға түсірген. Қаза тапқан әйел – Салтанат Нүкенованың өлімі елді дүр сілкіндіріп, оның ағасы Әйтім Нүкенов елде зорлық-зомбылыққа қарсы ауқымды акция бастаған. Қазір Әйтім Нүкенов біраз журналистке сұхбат беріп, тергеудің бірқатар мәліметтерін жариялаған. Дәлірек айтсақ, ол қарындасы Салтанат Нүкенова аса жауыздықпен өлгенін, Қуандық Бишімбаев оны ұзақ уақыт бойы ұрып, көзін шығарғанын, басына көп жарақат келтіріп, өлгеннен кейін ұзақ уақыт бойы мейрамхананың вип-кабинетіне жатқызып қойғанын айтады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар