сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025 12:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болып, цунами қаупі жарияланды
istockphoto.com
Бұл дүмпу – Жапонияда 2025 жылы тіркелген ең күшті жер сілкінісі.

Жапонияда магнитудасы 7,5 баллға жеткен қуатты жер сілкінісінен кейін ел билігі цунами қаупін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Метеорологиялық агенттік үш метрге дейін жетуі мүмкін толқындар жайлы ескерту жасап, жағалау аймақтарындағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Премьер-министр кеңсесінде жедел дағдарыс штабы құрылып, жағдайды бақылауға алу жұмыстары басталды. Бірнеше өңірде халыққа шұғыл эвакуация бұйырылды.

Бұл дүмпу — Жапонияда 2025 жылы тіркелген ең күшті жер сілкінісі. Бұған дейінгі рекорд 9 қарашада Иватэ префектурасы жағалауында тіркелген 6,8 балдық зілзала болған еді. Ол кезде цунами байқалғанымен, адам шығыны тіркелмеген.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар