Елімізде
Еліміздің бірнеше өңірінде -35 градус аяз болады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 желтоқсан, 2025
- 467
"Қазгидромет" РМК мамандары 9,10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына суық ауа массаларымен бірге жылдам енген қуатты солтүстік антициклон еліміздің барлық өңіріндегі ауа райын түбегейлі өзгертпек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді. Ол алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауын және ауаның күрт суытуын әкеледі. Түнгі уақытта термометр бағандары солтүстік өңірлерде минус 22–30 градусқа дейін, шығыста минус 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 10–20 градусқа дейін төмендейді", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






