Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:59
- 67
Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымы Кеңесінің 116-сессиясында Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әнші шарада «SOS» композициясын француз тілінде орындап, залдың ерекше қошеметіне бөленді.
Мәртебе белгісін ХКҰ басшысы Эми Поуп табыс етіп, Димаштың мәдениет арқылы гуманитарлық бастамаларды қолдаудағы ықпалын жоғары бағалады.
"Димаш өз дауысын қиындық көрген адамдарды қолдауға арнап, олардың өмірін әлемге танытады. Біз оны жаһандық ізгілік елшісі ретінде мақтан тұтамыз", – деді Эми Поуп.
Өткен жылы ол ұйымның Азия өңірі бойынша елшісі атанған болатын, ал биыл бұл миссиясы жаһандық деңгейге көтерілді.
Димаш жаңа атақты үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп қабылдайтынын айтып, ХКҰ құндылықтарын әлемге таныту жолында еңбек ете беретінін жеткізді.
"Бұл мәртебе – үлкен жауапкершілік. Мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, қауымдастықтарды біріктіруге үлес қосуды жалғастырамын", – деді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ ол өз сөзінде өнер адамының басты міндеті – бірлік пен бейбітшілікті насихаттау екенін де атап өтті.
Қор нарығында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Қытай Газа секторын қалпына келтіруге 100 млн доллар бөледі
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






