жұма, 25 қазан, 2024 18:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер бетіндегі ең кәрі адам көз жұмды

Жер бетіндегі ең кәрі адам көз жұмды
фото - ашық дереккөзден
Ол жаман әдеттерден аулақ болған екен

Жер шарының қарт тұрғыны Элизабет Фрэнсис 115 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo. Kz

Longeviquest басылымының жазуынша, ол АҚШ-тың ең кәрі тұрғыны болып саналады, сондай-ақ, әлем бойынша ұзақ өмір сүріп келе жатқан адамдардың үштігінде болған.

Марқұм 1909 жылы дүниеге келген және өмірінің көп бөлігін Хьюстонда өткізген.

Фрэнсис ұзақ өмірдің құпиясы ретінде, жаман әдеттерден аулақ болуды атаған — алкоголь мен темекіні тұтынбаған. Дегенмен тамақтану кезінде қатаң тыйымдарға жүгінбеген, не қаласа, соны жеген.

Ол өмірінің соңына дейін 95 жастағы қызының қолында тұрған.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар