Жамбылдағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі қалай
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қазан, 2024
- 499
Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени нысандардың көрсеткіші 1090-нан 3480-ге артқан, деп хабарлайды Jambylinfo. kz
Облыстағы тарихи ескерткіштерінің күтімі мен бақылауы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-сіне жүктелген. Мекеме 2004 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысы әкімінің №40 қаулысымен құрылған. Дирекция директоры Қуаныш Дәурембеков мекеменің негізгі міндеттерін атап өтті.
- «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің мақсаты мен міндеті: Жамбыл облысында орналасқан тарих-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алу, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу жұмыстарын жүргізеді. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарында тарих және мәдениет ескерткішінің атауын, хронологиясын, ескерткіштің тарихи маңыздылығын қысқаша сипаттау, ескерткіштің санатын қамтитын қорғау тақтасын орнатады. Облыс көлемінде монументті өнер құрылыстарын, мемориалдық тақта орнату жұмыстарын жүргізеді. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді және тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі. Қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және береді, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушылардың оларды орындауын бақылайды. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға (аудан әкімдіктеріне) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады,- деді мекеме директоры.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Мәселен, 2009-2014 жылдар аралығында Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы жарық көрген. Аталған жинақ облыс көлемі аумағында орналасқан 10 аудан мен Тараз қаласындағы археология, тарих және монументалдық өнер ескерткіштері туралы мақалалар енгізілген. Олардың барлығы көптеген жылдар бойы жүргізілген арнайы ізденістер нәтижесінде анықталып, зерттелген. Нәтижесінде облыс көлемінде орналасқан тарихи-мәдени нысандардың көрсеткіші 1090-нан 3480-ге артып отыр.
- Бүгінгі таңда облысымызда орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіші 3480-ды құрайды. Оның ішінде: 25 - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №156 бұйрығы республикалық дәрежедегі мемлекеттік тізімге енгізілген тарих және мәдениет ескерткіштер 708 - Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл облысы әкімдігінің 03.06.2024 жылғы №141 қаулысымен бекітілген Жергілікті дәрежедегі ескерткіштер. 5- Юнесконың 25.06.2014 жылғы шешімімен Бүкіл әлемдік халықаралық дәрежедегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне қабылданған ескерткіштер. 2742- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2024 жылғы «5» сәуірдегі №13-н бұйрығымен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізімі Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің 2024 жылға арналған жылдық жоспарға сәйкес, 1-ші жартыжылдықта төмендегідей жұмыстар жүзеге асырды. Оның ішінде атап өтетін болсақ, Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысы (Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жанынан құрылған комиссия) өтті. 2024 жылдың наурыз айында Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті. -Жамбыл облысы көлемінде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізімі бекітілді. (2742 нысан мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2024 жылғы 5 сәуірдегі №13 бұйрығымен бекітілді) -Жамбыл облысының Тараз қаласы, Қордай, Талас, Мойынқұм, Меркі, Жуалы аудандарында жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысын қаралды. -Жекелеген тұлғаларға (3) Мемориалдық тақта орнатуға келісім берілді,- деді Қуаныш Дәурембеков.
Бұдан кейін Қуаныш Дәурембеков жыл бойы жүргізілген мониторинг жұмыстарын да тарқата айтты.
Мониторинг жұмыстары Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, Мәдениет және спорт министрлігінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын бекіту туралы» №92 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мониторинг жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталу дәрежесін анықтау; Тарихи-мәдени мұра объектілерінің техникалық жағдайын зерделеу; Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарында заңсыз (өз бетімен) құрылысты анықтау; Пайдаланушылармен (меншік иелерімен) қорғау міндеттемелерін жасау; Мемлекеттік жерге орналастыру АКТ-сының жасалуын анықтау; Тарихи мәдени мұра объектілерінің фотосуреті. - Жамбыл облысында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген 45 қала құрылысы және сәулет ескерткіштеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді,-деді ол.
Мәселен, аудандар бойынша атқарылған жұмыстар мынадай:
Сарысу ауданы
Сарысу ауданында орналасқан 33 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, сақталу деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2 ескерткіштің қазіргі тарихи келбеті өзгергендігі (2-монументтік өнер құрылысы), 1 нысан ғылыми-реставрациялық жұмысты қажет ететіндігі (1-археология) анықталды.
Жамбыл ауданы
Жамбыл ауданында 78 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, сақталу деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 1 ескерткіштің (монументтік өнер құрылысы) ғылыми-реставрациялық жұмысты қажет ететіндігі анықталды.
Т.Рысқұлов ауданы
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген 49 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 ескерткіштің бүлінгендігі (1-археология) анықталды. Апатты жағдайдағы ескерткіш: Обалар тобы (4), ерте темір дәуірі; Барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу қажет.
Талас ауданы
Жамбыл облысы Талас ауданында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген 59 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу қажет, 20 тарихи-мәдени ескерткішке қорғау тақтайшасы орнатылған, ал 39 ескерткішке орнатылмаған.
Қордай ауданы
Қордай ауданында орналасқан 21 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, сақталу деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу қажет.
Жуалы ауданы
Жуалы ауданында орналасқан 19 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, сақталу деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу қажет.
Шу ауданы
Шу ауданында орналасқан 24 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін, сақталу деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Барлық тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғау аймағын белгілеу қажет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 86 бұйрығына сәйкес қорғау аймағы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 79 бұйрығы 2-тарау 9-тармақшасына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарында ескерткіштің атауын, хронологиясын, ескерткіштің тарихи маңыздылығын қысқаша сипаттау, ескерткіштің санатын қамтитын қорғау тақтасы орнатылады.
Жер бетіндегі ең кәрі адам көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024