ҮЕҰ өкілдеріне құны 1 млн теңге болатын үз жүзге тарта грант беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 650
«Zhas Рroject» әлеуметтік бастамалар жобасының аясында биыл жобасы 280 шағын грант беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жоба аясында биыл 17 облыста 10 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 1 млн теңге көлемінде 280 шағын грант береді.
«Бірінші кезекте жобалар жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуға тиіс. Әрбір жоба 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы керек. Қандай жобаларға қолдау көрсетілмейтін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтынан білуге болады», - дейді ол.
Айта кетейік, конкурстың құжаттары 25 наурыз бен 24 сәуір аралығында қабылданады. 25 сәуір мен 14 мамыр аралығында комиссия конкурстық өтінімдерді іріктеп, 15 мамырда ұйымдастырушының интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерінде іріктеу нәтижелері жарияланады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Журналист, қаламгер Құралай Сейсенбекқызы студенттермен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2024