Қазақстанда екі күннің бірінде бір бала жол апатынан қаза табады
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 599
Бір айдың ішінде республика бойынша кәмелет жасына толмаған 15 бала жол апатынан қаза тапқан. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, 15 ақпан күні еліміз бойынша «Сіздің балаңыз жолаушы» атты акция басталған. Оның мақсаты – жол апаттарынан зардап шегетін балалардың санын азайту.
"Республика бойынша бір айда кәмелет жасына толмаған 15 баладан айырылдық. Сондықтан жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын қатаң сақтау қажет. Әсіресе, ауа-райының нашарлауы кезінде, жолдар қауіпті болған кезде мұқият болған жөн", - дейді Боранбаева.
Инспектор атап өткендей, кейбір жағдайда балалар рульдегі ата-ананың жауапсыздығынан қаза тауып жатады. Жалпы, екі апта ішінде Қазақстанда жол қозғалысына қатысты 175 мың ереже бұзылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз