Қазақстанда жат ағымда жақтастары бар 23 жігіт қолға түсті
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 515
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Осы сегіз топтың ішінде деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталып, оның он жетісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал, алты адам ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берген.
«Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген.49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат пен есірткі алынды», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Сегіз өңірдегі операцияға күштік құрылымның 250 қызметкері қатысқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан алыс-берісті ұлғайтады
Ұқсас жаңалықтар
«Аспандағы құбылыс». Жаркенттіктер түсірген кадр желіде тарап жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қараша, 2024