жексенбі, 19 мамыр, 2024 19:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстан мен Өзбекстан алыс-берісті ұлғайтады

Қазақстан мен Өзбекстан алыс-берісті ұлғайтады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазір екі ел құны 1 миллиард долларға жақындайтын 21 жобаны пысықтап жатыр

Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты сауда айналымын екі есе, 10 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 

Бүгін Астанаға Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов ресми сапармен келді. Қазақстан СІМ басшысы өзбек әріптесімен екіжақты келіссөз өткізді.

«Қазақстан – Өзбекстанның «үштікке» кіретін ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асады. Өнеркәсіптік кооперация саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі таңда 156 млн долларды құрайтын 12 бірлескен жоба іске қосылды. Оған қоса, құны 1 млрд долларға жуық 21 жоба пысықталу үстінде. Енді алдағы белестердің бірі – осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын 10 млрд долларға дейін еселету», деді Мұрат Нұртілеу кездесу қорытындысы бойынша БАҚ-қа арналған бірлескен мәлімдемеде.

Министр қазақ-өзбек шекарасында Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының іске қосылуы екіжақты сауда айналымына едәуір арқау болады деп үміттенеді.

Сондай-ақ екі тарап Орталық Азия халқының көкейінде жүрген маңызды мәселе – су-энергетика кешені төңірегінде пікір алмасып, оны шешу жолдарын талқылаған.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін  жаңа темір жолдарды салу жобалары да назардан тыс қалған жоқ.

«Шекара арқылы өзбек тасымалдаушылары үшін транзитті жеңілдету бағытында іргелі жұмыс жүргізуді жалғастырамыз деп сендірдім. Осының барлығы халқымыздың түбегейлі мүдделеріне сай келеді деп пайымдаймын», деді Нұртілеу.

Айта кетері, сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар