2024 жылы 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50%-ға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің бас сарапшысы Дархан Сатанов мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, былтыр қыркүйекте 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өскен.
«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», – деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.
Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге тамақ пен жолақы сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы мектептерде тамақ мәзірінің жаңа стандарты әзірленеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024