жексенбі, 19 мамыр, 2024 21:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстанда өзбек халқының ұлы ойшылына ескерткіш ашылады

Қазақстанда өзбек халқының ұлы ойшылына ескерткіш ашылады
Коллаж: jambylinfo.kz
Биыл Қазақстанда Өзбекстанның мәдени күндері өтеді

Қазақстан астанасында өзбек ақыны Әлішер Науаидің ескерткіші ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Астана төрінде әйгілі Шығыс шайыры, өзбек халқының ғұлама ойшылы Әлішер Науаидың ескерткішін салтанатты түрде ашу жоспарланып отыр», деді Мұрат Нұртілеу өзбек әріптесі Бахтиер Саидовпен өткен екіжақты кездесуден кейін БАҚ-қа арналған бірлескен мәлімдемеде.

Сондай-ақ Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов биыл Қазақстанда Өзбекстанның мәдениет күндері ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Осы мәдениет күндері аясында өзбек киносы мен асханасының апталықтары, көркем фильмдерін кеңінен танытуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар халықтық қолөнер шеберлерінің көрмелерін өткізу туралы келістік», -  деді Саидов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиер Саидов Астанаға ресми сапармен келді. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өзбек әріптесімен екіжақты келіссөз өткізді. Сапар бағдарламасына сәйкес Саидов Қазақстан президентімен де кездеседі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар