жұма, 22 қараша, 2024 3:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жаңа басшы келді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жаңа басшы келді
Сурет: Еңбек министрлігі
Бұл лауазымызды президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Айбол Арғынғазинов атқаратын болды

Айбол Арғынғазинов "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ол Жетісу облысында дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

"Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары «Қазконтент» АҚ бөлім басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі болған", - деп хабарлайды министрлік. 

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар