Қазақстанда тағы екі телеарна міндетті каналдар қатарына қосылады
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 544
Мәдениет және ақпарат министрлігі тағы екі телеарнаны міндетті каналдар қатарына қоспақ. Бұл туралы Ашық нормативтік-құқықтар сайтындағы бұйрықтан белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) тиісті толықтыру енгізуді көздеген министрлік «ATAMEKEN BUSINESS» және «НТК» арналарын міндетті телеарналар қатарына қоспақ.
Өзгеріс 2024 жылғы 29 ақпанға дейін қоғам талқылауына ұсынылған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Шымкенттен Сеулге тікелей ұшатын авиарейс ашылуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024