жексенбі, 24 қараша, 2024 23:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мамандардан дәріс алады

Мамандардан дәріс алады
ашық дереккөзі
Мамандардан дәріс алады

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Солтүстік Қазақстан облысындағы  «Есіл су» кәсіпорны  су шаруашылығы саласының мамандарын даярлау бойынша өзара әріптестікті қайта жаңғыртты.

Меморандумға екі жақ қазан айының басында қол қойды. Университетіміз аталмыш кәсіпорынмен 12 жыл бойы маман даярлау ісі бойынша қарым-қатынас орнатып келеді.

«Есіл су» кәсіпорны Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы.

«Есіл-су» филиалының директоры Қанат Асқаров су шаруашылығы саласының мамандарын даярлауда Дулати университеті еліміздегі ірі әрі беделді жоғары оқу орны екенін атап өтті. Кәсіпорын жаңа мамандармен толыққандықтан, біліктілікті арттыру қажеттілігі қайта туындағанын айтқан Қанат Асқаров алдағы уақытта байланыстың күшейетініне сенім білдірді. Бұл сала мамандарына сұраныстың жоғары екенін айтып, мамандар қатары инновациялық бағытта білімі жоғары білікті кадрлармен толығудың маңыздылығына да тоқталды.

Іс-сапармен Солтүстік өңірге арнайы барып қайтқан  Дулати университеті Су шаруашылығы, экология және құрылыс институтының директоры Құдайберген Бейсембин біраз келісімге қол жеткізіп қайтты.

– Еліміздің солтүстік өңірінде су шаруашылығы саласының мамандары тапшы, жоқтың қасы десе болады. Бұрынғы Жамбыл гидромелиоративтік институттың түлектері бүгінде зейнет демалысына шығып отыр. Еліміздің бұл аймағына су шаруашылығы саласының мамандары қажет. Осы мақсатта екі жақ Меморандумға қол қойдық. «Есіл су» кәсіпорнының жұмысшылары екі апта 72 сағат қайта даярлау ісі бойынша қашықтан университетіміздің оқытушыларынан дәріс алатын болады. Қайта даярлау үш бағытта жүзеге аспақ. Біріншісінде жоғары білімі бар инженер-техник мамандар білім алса, екінші бағытта орта білімді, яғни колледж тәмамдаған мамандар оқытылады. Ал соңғы бағыт бойынша қарапайым жұмысшылар біліктіліктерін арттыратын болады. Бұл жұмыс наурыз, сәуір айларына дейін жүзеге асады деп күтілуде,- дейді Құдайберген Рақымжанұлы.

Алдағы уақытта Солтүстік өңірден су шаруашылығы саласы мамандығына талапкерлерді тарту мақсатында университеттің арнайы пунктін ашу жоспарда бар.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар