дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Салғырттық сан соқтырады

Салғырттық сан соқтырады
ашық дереккөзі
Салғырттық сан соқтырады

Әлемді алаңдатқан пандемияның өкінішке Алаш аспанында айналып өтпеді. Қазіргі таңда мыңдаған отандасымыз короновирусқа шалдықса, соншама азаматымыз карантинде жатыр. Науқастарға сараптама жасалған соң  дерттің ауыр түрі болса жұқпалы аурулар ауруханасында қалады, ал жеңіл түрі анықталған жағдайда Байзақ ауданындағы Мырзатай ауылындағы бөлімшеге жөнелтеміз.

Жалпы соңғы күндері жағдайдың күрт нашарлағаны байқалады. Оның бастапқы себебі карантин талаптарының жеңілдетіліп, тұрғындардың бір жерде көптеп жиналуы. Сонымен қатар күннің қатты ысып, мұздай сусын ішіп, кондиционердің астында көп отырып қалуы сынды жағдайлар да аталған індетпен ауруына себеп болып отыр. Бұдан өзге көпшілік гигиеналық талаптарды мүлде естен шығарып, маска тағуды да қойды. Бұл алаңдатарлық жағдай. Сондықтан тұрғындарды иммунитетін көтеру үшін уақытылы ұйықтап, уақытылы тұруға, көпшілік орындарға бармауға және сақтық шараларға сақтауға шақырамын. Тағы бір айта кетерлігі, қандайда бір ауру белгілері бола қалған жағдайда бірден учаскелік дәрігерге көріну қажет. Бүгінгі жағдайда салғырттық түбі сан соқтыруы ғажап емес.

Халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» текке айтпаған. Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында біршама науқас ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде жағдайы ауырлар да бар. Бүгінде науқастарға 400-ден астам медицина қызметкері қол ұшын созып, дертіне шипа іздеуде. Олардың қатарында сырттан арнайы келген мамандар да бар. Сонымен қатар профессор Сейтхан Жошыбаев басқаратын «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына» алғысымды білдіргім келеді. Себебі дәрігер Сейтхан Жошыбаев өз клиникасындағы білікті деген екі анестезиолог-реаниматолог дәрігерін бізге жіберді. Ол мамандар қазір аурумен күресте алдыңғы шепте жүргендігін айта кеткен жөн. Орайы келгенде халықтың денсаулығын жоғары бағалайтын Сейтхан Жошыбаевқа алғысымды жеткізгім келеді.

Баса айтатыным, тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Себебі жағдай осы қарқынмен жүре беретін болса, өзге түгіл өзіміз ауруды бақылаудан шығарып аламыз. Сондықтан кеселді жеңу баршамыз ортақ.

Азат Сатжанов,

Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының бас дәрігері

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар