Қазақстан студенттерінің альянсы еліміздің үздік студенттерін анықтау мақсатында алғаш рет конкурс ұйымдастырып отыр. «Қазақстанның алтын жастары» сыйлығына ел студенттері бірнеше бағыт бойынша қатыса алады.
Альянс төрағасы Ілияс Түстікбаев аталған шара биыл бірінші рет өткізіліп жатқанын алға тартады. «Жыл соңында Қазақстан студенттер альянсының шақырылымында үздік студенттерді марапаттауды жоспарлап отырмыз. Бұл жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналса деген де ойымыз жоқ емес», дейді ұйым басшысы.
Ұйымдастырушылар «Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» жобасы аясында өткізілетін сыйлық келешекте еліміздегі жастарды және жастардың өзін-өзі басқару ұйымдарын қолдау және дамытуға үлес қосады деген үмітте. Жыл соңына қарай тәмамдалатын жарыста үздік студент, колледждің үздік студенті, үздік волонтер, ЖОО-ның ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы, колледждің ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы, өзін-өзі басқару ұйымының ең үздік көшбасшысы, Қазақстан студенттері альянсының үздік штабы мен Қазақстан студенттері Альянсының үздік белсендісі анықталмақ.
Жоғарыда аталған аталымдар бойынша үздіктер қатарынан табылғысы келетін студенттер өтінімдерін ask_ksa@list.ru электронды мекенжайына 20 қазанға дейін жіберуі керек.
Сонымен қатар студенттер альянсы биылдың үздік өзін-өзі басқару ұйымына да конкурс жариялап отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен өтіп жатқан байқауға еліміздегі жоғары оқу орындарындағы жастар ұйымдары қатыса алады. Үздік деп танылған ұйымдарға 200 мың теңге көлемінде грант бар. 1 және 2-орынға лайық көрінген жастар қауымдастығы 100 000, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болмақ.
«Бұл конкурсты ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – әр облыстағы жастар мәселесін көтеріп, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасап жүрген ұйымдарды республикаға танытып, олардың еңбектерін дәріптеу. Қаржылай сыйлық тағайындау арқылы да оларға қолдау көрсетіп, одан әрі жұмыс істеуін жігерлендірмек ойымыз бар. Жастар мемлекет тарапынан қолдау көрсе, еңбектерінің бағаланғанын түсінсе бұдан да үлкен қадамдар жасап, алып асуларды еңсереді деген ой бар. Әлбетте, жастардың мәселесін жастардың шешуі орынды әрі қалыпты. Алайда мемлекеттің қолдауынсыз біз күткен нәтижеге қол жеткізу кей кезде мүмкін болмайды. Ел жастарын аталған конкурстарға белсене қатысуға шақырамыз. басқа өңірлердегі әріптестерімен танысып, ой бөлісіп, серіктестік түзеуге де жақсы орай туып тұр. Сондықтан бұл конкурстар келешекте өз жемісін береді деген сенімдеміз», дейді Ілияс Түстікбаев.
Конкурс талаптарына сәйкес, әр университеттен 1 жастар ұйымы қатыса алады екен. Сонымен бірге жеңімпаздар саны да шектеулі екені мәлім болды. Ілияс Түстікбаевтың айтуынша, республикалық кезеңге әр облыстан 1 ұйымнан, ал ел астанасы мен Шымкенттен 2, Алматы қаласынан 3 ұйымнан жіберіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жеңілдетілген несие беруде жүйесіздікке жол жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында "Айбалта-2024" оқу-жаттығуы өтіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2024