Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс: Пахалгам шабуылы геосаясатқа қалай әсер етеді?
Күні кеше, 22 сәуірде Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласында болған қарулы шабуыл екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан шиеленісті қайта ушықтырды. Бұл оқиға Оңтүстік Азиядағы тұрақтылық пен халықаралық қауымдастықтың назарын қайтадан Кашмирге аударды.