сәрсенбі, 23 шілде, 2025 1:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күзге дейін елімізде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады

Күзге дейін елімізде 11 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
Фото - ашық дереккөз
Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда

Шілде және тамыз айларында еліміз бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы кезеңде 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарлануда. Бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды.

Тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдады. Жыл басынан бері мұндай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті.

Атап айтқанда, ауыл мектептерінің педагогтері белсенділік танытып, олардың үлесі жалпы санның 56 %-ын құрады

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар