НЗМ оқушылары «Ливерпуль» футбол клубының сертификатын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2025
- 167

Англияның атақты «Ливерпуль» футбол клубы Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (химия-биология бағытындағы) атына арнайы сертификат жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу жылы барысында алматылық NIS оқушылары Айсұлтан Аманқос пен Нарбол Қасымхан мектептің спорттық жетістіктерін, футбол бағытындағы бастамаларын клубқа үнемі жеткізіп отырған. Бұл белсенділіктеріне орай, «Ливерпуль» клубы команда ойыншыларының қолтаңбасы қойылған ресми сертификат жіберген.
«Көптеген оқушыларымыз кәсіби футболшы болуды армандайды. Бұл сертификат бізге өзімізге сенуге үлкен серпін берді. Олардың жігерлендіретін сөздері біз үшін үлкен мотивация болды. Алға ұмтылуға, жаттығуға және жаңа белестерді бағындыруға күш қосты. Армандар орындалатынына тағы бір мәрте көз жеткіздік – ең бастысы, бар ынтамен еңбек ету керек», – дейді Айсұлтан Аманқос.
Қырғызстанда шамамен 4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Ұқсас жаңалықтар
Мектептерге 8 мыңға жуық кәсіби бағдар беруші маман тартылмақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 21 сәуір, 2025