Абай облысы, Приречное ауылындағы өрт ауыздықталды
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2025
- 166

Қазір өрт ауыздықталғанын Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жалпы жанып кеткен аумақ 1 гектар ашық жер мен 105 шаршы метр құрылыс нысандарын қамтыған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өртті сөндіру барысында қатты жел жұмысты қиындатты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ауылдан 395 адам эвакуацияланған. Жағдай ерекше бақылауға алынған.
"Өрт шыққан аумақта эвакуацияланған тұрғындардың үйлерінде тоналу деректерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзетіп жүр. Құқық қорғау органдары тәулік бойы кезекшілік атқарып, төтенше қызметтермен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігі мен мүлкін қорғауға күш салуда", – делінген Абай облыстық ПД хабарламасында.
Тұрғындарға сабыр сақтап, төтенше жағдай қызметтерінің нұсқаулықтарына құлақ асу ескертілді.
Бұған дейін өртті сөндіруге тікұшақ тартылғаны хабарланған еді.