жұма, 25 сәуір, 2025 21:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 125 теміржол вокзалы жаңғыртыла бастады

Қазақстанда 125 теміржол вокзалы жаңғыртыла бастады
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірлерінде 125 теміржол вокзалын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңғырту жұмыстарына вокзал ғимараттарын және олармен іргелес аумақтарды қалпына келтіру, инженерлік жүйелерді толық ауыстыру кіреді. Жобалар аяқталғаннан кейін вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, жоғары жылдамдықты интернет, ақпараттық жүйелер мен қосымша сервистер пайда болады.

"Біз ірі қалалардағы ғана емес, шалғай ауылдардағы вокзалдарды да қамтып отырмыз. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында – 5, Ақмола облысында – 16, Атырау облысында – 9, Алматы облысында – 5, Ақтөбе облысында – 7, Абай облысында – 10, Жетісу облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қарағанды облысында – 11 вокзал жөнделеді. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізілуде", – деді көлік вице-министрі Мәқсат Қалиақпаров.

Министрлік мәліметінше, жөндеу барысында отандық өндірістегі құрылыс материалдары пайдаланылады. Бұл ішкі экономиканың дамуына және жергілікті өндірушілерді қолдауға серпін береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар