Денсаулық
Қазақстанда 8 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2020
- 189
Қазақстанда 8 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Елімізде коронавирус пен пневмониядан 8 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз