дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда вейп тарататындар мен сататындар енді қылмыстық жауапқа тартылады

Қазақстанда вейп тарататындар мен сататындар енді қылмыстық жауапқа тартылады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сенат вейптердің айналымына толық тыйым салуды көздейтін норманы мақұлдады

Қазақстанда вейптің өндірісі, елге әкелу, сатқаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Бүгін сенат депутаттары электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына толық тыйым салатын норманы мақұлдады. Оған сәйкес, елімізде вейпті сатуға, таратуға және елге әкелуге, оның өндірісіне толығымен тыйым салынады. Бұл талапты орындамағандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып отыр. 


«Вейпті сатқаны және таратқаны үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген. Ал вейптің өндірісі мен елге әкелгені үшін 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл осы мөлшерде түзету жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып немесе онсыз екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сенат кулуарында. 


Айта кетері, сенат бұған дейін мәжіліс қабылдаған «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, оған бірқатар түзету енгізіп, төменгі палатаға кері қайтарды. Алайда вейптердің айналымына тыйым салу туралы норма сенат депутаттары тарапынан мақұлданды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар