жұма, 19 сәуір, 2024 9:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Дерт дендемесін десек…

Дерт дендемесін десек…
ашық дереккөзі
Дерт дендемесін десек…

Коронавирус індеті маусымдық ЖРВИ және тұмау ауруларының кезеңімен қатар келу мүмкіндігіне байланысты тұрғындар арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту қажет. Сонымен қатар КВИ инфекциясының жұқпалы тұмау ауруынан қандай айырмашылығы бар екенін білген жөн. Негізінен коронавирусты жедел респираторлы вирусты инфекциялар қатарына жатқызуға болады. Оның белгілері тұмауға өте ұқсас. Сондықтан екеуін ажырату оңай шаруа емес. Тұмауратқандар уақыт өткен сайын жазыла түссе, жұқпалы дертке шал­дық­қандардың жағдайы керісінше қиындай беруі мүмкін. Осы орайда мұрын бітеліп, жиі түшкіріп, әлсіздік байқалған адамдарды провизорлық госпитальге жатқызып, «СOVID-19»-ға сынама алу қажет. Тұмауға шалдыққан адамның дене қызуы 38-390С градусқа дейін барады. Өзін әлсіз сезініп, мұрны бітеледі. Ал коронавирус кезінде температура қатты көтерілмейді. Әлсіздік басымырақ болады. Егер дене қызуы үш күн бойы түспей, әлсіздік ұзаққа созылып, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалса, бұған қоса ентікпе және жөтел пайда болса, бұл коронавирустың белгі­леріне жатады. Коронавирус кезінде демікпе байқа­лады. Дегенмен, тұмау мен корона­вирус­тың алғашқы сатыларында олардың еш айырмашылығы жоқ деп айтса да болады. Жамбыл облысының аумағында каран­тиндік шектеу шаралары Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.10.2020 жылғы №39 қаулысында: – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндері азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының, сауда үйле­рінің жұмысына тыйым салу; – көпшілік іс-шара­ларды (мерекелік, спорт­тық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени, бұқаралық іс-шаралар, форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу; – ҚР БМСД №57 қаулысына сай жеке қорғаныс құралдарын (маска) уақытында ауыстыра отырып пайдалану және кәдеге жарату алгоритмінің сақталуын, кемінде 2 метр әлеу­меттік қашықтықтың сақталуын қам­та­масыз ету; – 65 жастан асқан адамдардың аса қажетті себептерсіз көшеге шықпауына кеңес беріледі; – ҚР БМСД №57 қаулысының та­лаптарына сай (объект персоналды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың қолғапсыз, маскасыз жұмыс істеуіне жол беріл­мейді) ашық ауада және үй жайда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, есте­лік, ұжымдық және т.б. адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шаралар өткізілмей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер орындарының санына сәйкес бір уақытта залда 50-ден аспай­тын орындарын орната отырып шектеу керек; – толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда мал базарларының, моншалардың, сауналардың қызметіне рұқсат беріледі; – ҚР БМСД №57 қаулысының талап­тарын сақтаған жағдайда бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз етіп, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызме­тіне рұқсат беріледі. Карантин шараларын жеңіл­дет­кенімен, біз коронавирустық инфек­цияның екінші толқынына дайын болуы­мыз қажет. Сақтық шараларын ұмытпай, бетперде міндетті түрде киіп, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын жерлерге бармаған жөн. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

 

С.Ускенбаев, Т. Рысқұлов ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар