Елімізде қызылшамен және көкжөтелмен сырқаттанушылық көрсеткіштері төмендеді
- авторБақытжан Бекболат
- 16 шілде, 2025
- 616
Алты айдың қорытындысы бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты деңгейде сақталып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Комитеттің мәліметінше, биыл 31 түрлі инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінде оң динамика байқалған. Атап айтқанда, қызылша мен көкжөтел 6,8 есеге, А вирустық гепатиті 2,4 есеге, коронавирустық инфекция 2,1 есеге, лямблиоз 30 пайызға, ал аскаридоз 20 пайызға азайған.
Сонымен бірге, есепті кезеңде оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратиф сияқты 24 инфекциялық ауру бойынша ешбір жағдай тіркелмегені белгілі болды.
Екпе егудің нәтижесі
Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі аясында 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілген. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде сақталған.
Эпидемиологтар ұлттық иммундау бағдарламасының басымдықтарының бірі адам папилломавирусына қарсы вакцинация екенін де атап өтті. 11-13 жас аралығындағы қыздарды жоспарлы иммундау шеңберінде алғашқы кезеңнен 148 444, ал екінші кезеңнен 86 745 қыз өткен.
Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытады
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Риддерде көпбейінді заманауи медициналық кешен пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025






