жұма, 27 желтоқсан, 2024 23:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сақтандыру жұмыстары қалай жүруде?

Сақтандыру жұмыстары қалай жүруде?
ашық дереккөзі
Сақтандыру жұмыстары қалай жүруде?
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Бокаева Мавлюда Джапсарбайқызының қатысуымен «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі әрбір азаматта болуы тиіс» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті. Спикердің айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай-МӘМС) жүйесі енгізіліп, 1 шілдесіне дейін барша азаматтарды шартты түрде сақтандырылып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай-ТМККК) мен МӘМС жүйесіндегі медициналық пакеттер теңдей көрсетілді. Қазіргі таңда шартты кезеңнің уақыты аяқталды. Қазіргі уақытта МӘМС жүйесіндегі медициналық пакетті алу үшін азаматтар медициналық мекемелерге жүгінген кезде сақтандырылғандар санатында жатпай қалған сәттер көптеп туындауда. Негізгі себептер: мемлекеттің 15 санат үшін төлейтін МӘМС жарнасынан түсіп қалу, өз мәртебелерінің дұрыс анықталмауы, қаражаттардың дұрыс аударылмауы, және т.б. сұрақтар көрініс табуда. Ішкі істер органдарында немесе әскери қорғаныс мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер төлеуден босатылуына байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрықтарына сәйкес, аталған мекемелердің кадр бөліністері әр бір қызметкердің аты-жөні мен ЖСН-н «Тұлғаларды есепке алу жүйесіне» тіркеу қажет. Ол үшін қызметкерлер өздері қызмет атқаратын кадр бөлінісіне хабарласу қажеттігін ескертеміз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар