Денсаулық
Түркиялық мамандар Жамбыл дәрігерлерінің біліктілігін арттырмақ
- авторjambylinfo.kz
- 24 тамыз, 2020
- 279
Түркиялық мамандар Жамбыл дәрігерлерінің біліктілігін арттырмақ
Бүгін онлайн-кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Башкент университеті клиникасының басқарма төрағасы, профессор Мехмет Хаберал денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Түрік мамандары жамбылдық дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге, соның ішінде біліктілігін арттыруға дайын.
⠀
Аймақ басшысы Түркия мен Қазақстан арасында достық қарым-қатынас бұрыннан қалыптасқанын атап өтті. Башкент университетінің клиникасы әлемнің жетекші білім беру және медициналық мекемелерінің бірі болып табылады, көптеген елдердің, оның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтауына саласына үнемі тәжірибелік көмек көрсетіп келеді.
⠀
Біз Башкент университеті клиникасының үздік мамандары Қазақстанның әр аймақтарында шеберлік сабақтарын өткізіп, семинарларға, конференцияларға қатысып, халыққа консультациялық көмек беретінін білеміз. Сонымен қатар, қазақстандық медицина қызметкерлері сіздердің клиникаңыздың шақыруымен бірнеше рет Анкара қаласында біліктілігін арттырудан өтті. Әлемде медициналық көмектің ілгері дамып, жетіліп жатқандығын, диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын енгізуді ескере отырып, Жамбыл облысының медицина қызметкерлері де медициналық қызметтің әртүрлі аспектілері бойынша оқытудан және қайта даярлықтан өтуді қажет етеді. Атап айтқанда, кардиология, неврология, гастроэнтерология, пульмонология, нефрология, интервенциялық кардиология, нейрохирургия, тамыр хирургиясы, эндовидеохирургия сияқты бағыттарды дамыту керек. Біздің анестезиологтар, реаниматологтар, неонатологтар, акушерлік және балалар мамандары да өз біліктіліктерін арттыруы тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала