«Таза жүрек» денсаулық керуені шалғай ауылдарға жол тартты
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2020
- 536
Бүгін «Волонтерлар жылына» орай облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Саулық» жалпыұлттық жобасын іске асыру мақсатында арнайы жабдықталған «Таза жүрек» денсаулық керуені облысымыздың шалғай елді мекендеріне жол тартты. Құрамында тәжірибелі кардиологтар мен волонтерлардан құралған мобильді топ тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетеді.
Салтанатты шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аудандық емдеу мекемелеріне 8 диагностикалық медициналық кешеннің кілтін табыстады. Сонымен қатар, облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы да 18 медициналық жедел жәрдем көліктерімен толықты. Көліктердің барлығы науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен жабдықталған реанемобильдер.
Шарада құттықтау сөзін алған өңір басшысы медицина қызметкерлеріне игі еңбектері үшін алғысын жеткізді. Сонымен бірге пандемия кезінде алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің ерлігі өлшеусіз екенін тілген тиек етті.
– Мемлекет басшысы «Еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – бұл республикамыздың жетістігі» деген. Бұл дегеніміз Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатындығында. Короновирус індеті денсаулықтың қадірін баршамызға ұғындырды. Әрбір адам өз денсаулығына мұқият қарап, ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеу керек екендігін көрсетті. Медицина саласын қолдау, оны тұрақты түрде дамыту мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Медицина саласын қаржылдандыру, мекемелерді заманауи тұрғыда жабдықтау назардан тыс қалған емес. Жамбыл облысы бойынша «СОVID-19» індетімен күрес үшін жалпы, 4 885,1 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражаттың 218,4 миллион теңгесіне екі инфекциялық стационарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. 4 медициналық ұйымға оттегі станциялары, 3 дана компютерлік тамограф, 4 дана цифрлы, 2 дана жылжымалы рентген аппараттары, 2 дана ЭКМО аппараты орнатылып және 250 дана көпфункционалды, 50 дана раенимациялық төсектер сатып алынды. Одан басқа 25 дана портативті 53 дана өкпені жасанды желдету аппараттары алынды. Бүгінгі күнге Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына 65 жедел медициналық жәрдем автокөліктері сатып алынды, – деді Бердібек Сапарбаев.
Мұнан соң облыс әкімі денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілттерін табыстады. Сондай-ақ, пандемия кезінде коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен дәрігерлерді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған «Халық алғысы» медалімен марапаттады. Шара соңында облыс әкімі жаңа жедел жәрдем көліктерін аралап көріп, олардың мүмкіндіктерімен танысты.
Айжан Өзбековаjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда түзеу мекемесінде жоспарлы тінту шарасы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024