жұма, 22 қараша, 2024 12:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Университет вакцина сынамасын жалғастырады

Университет вакцина сынамасын жалғастырады
ашық дереккөзі
Университет вакцина сынамасын жалғастырады
Оксфорд Университеті AstraZeneca компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 вакцинасын сынауды қайта қолға алды. Зертханалар вакцинаның кері әсері туралы хабар алғаннан кейін жұмысын тоқтатқан болатын. Сенбіде университет басшылығы вакцинаның қаупі жоғы дәлелденгенін, жұмыс жалғасатынын хабарлады.
«Бұл үзіліс қауіпсіздік пен адамдардың денсаулығын бірінші орынға қоятынымызды көрсетті. Зерттеушілерімізді тиімді вакцина жасау жұмысына қайта жинаймыз», деді Денсаулық хатшысы Мэтт Ханкок. Сонымен бірге университет өкілдері мұндай нәтиженің алдын ала болжанғанын да хабарлады. Олардың айтуынша, сынама жасалғандардың ішінде бірнешеуінің шағым түсіруі қалыпты әрі күтілген жағдай. Бұдан әрі Ұлыбритания Дәрі-дәрмек және денсаулық сақтау өнімдерін қадағалау агенттігінің ұсыныстарымен жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді. Ал ДДҰ бұған дейін вакцина сыналған 180 адамның әлі ешқайсысында клиникалық сынақ мерзімін аяқтамағанын хабарлады. Университет қызметкерлері дайындалып жатқан вакцинаның тиімді болатынына сенетінін және сатылымға шығатынына үмітті екенін айтты. «1 және 2-сыналымдар жасалды. Енді 3-сыналым сәтті болып, вакцина әсерін көре­міз деп сенеміз», дейді олар. 3-сыналымға АҚШ, Ұлы­британия, Бразилия мен Оңтүстік Африка­дан, жалпы алғанда 30 мыңға жуық қатысушы шақырылған.  
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар