Жамбыл медицинасы жаңғыруда: жаңа ауруханалар мен емханалар бой көтермек
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 қыркүйек, 2025
- 282
Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесі ауқымды жаңғыру кезеңіне қадам басты. Бүгінде өңірде 383 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде 23 аурухана, 25 емханалық ұйым, 116 дәрігерлік амбулатория, 58 фельдшерлік-акушерлік пункт, 151 медициналық пункт, 3 оңалту орталығы, 1 санаторий және басқа да 6 нысан бар.
2025 жылғы 9 қыркүйекте облыс әкімінің №191 қаулысымен «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық жоспары» бекітілді.
Онда жаңа медициналық нысандар салу, қолданыстағы мекемелерді жөндеу және қайта бейіндеу, сондай-ақ ауыл мен қала тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру шаралары көзделген.
Жоспарға сәйкес, 2025–2034 жылдары өңірде жаңа медициналық нысандар салынып, қолданыстағы мекемелер күрделі жөндеуден өтеді, ауылдық және қалалық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады.
Бұл бастамалар өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға және оның тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге жол ашады.
Ұқсас жаңалықтар
МӘМС - денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2025





