Спорт
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша атқарады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 қыркүйек, 2025
- 431
Талғат Байсуфинов бұған дейін ұлттық құраманы екі мәрте басқарған: 2016–2017 жылдары, 2020–2022 жылдары.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша белгілі отандық маман Талғат Байсуфинов атқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kff_team сілтеме жасап.
ҚФФ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғат Маруаұлы ұлттық құраманы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарына дайындайды.
Ал қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарады.
"ҚФФ Талғат Маруаұлының тәжірибесіне сенім артып, алдағы ойындарда сәттілік тілейді. Сонымен қатар ҚФФ ұлттық құраманың жаңа бас бапкері қызметіне үміткерлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Тізімде үш шетелдік маман бар", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық теннисші Еуропаның үздік ойыншысы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
Спорт
Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025





