жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұмда жаңа спорт кешені ашылды

Мойынқұмда жаңа спорт кешені ашылды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ермек Карентаев қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

Ауыл ақсақалдары спорт кешенінің лентасын қиып, жұртшылыққа ізгі тілектерін жеткізді.

– Бүгінгі күн – барша ауыл үшін тарихи сәт. Жаңа кешен – мемлекеттің қолдауының, ел бірлігінің және жастарға деген қамқорлықтың нақты көрінісі, – деді Бөгенбай Бидасбаев.

Кешеннің құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жоба құны – 359,2 млн теңге. Екі қабатты ғимаратта ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол және волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір Мойынқұмда 154 спорт нысаны бар: 3 спорт кешені, 1 орталық стадион, 32 спорт залы және 118 спорт алаңы. Жаңа кешеннің іске қосылуымен спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 76,2 пайызға жетті. Ал тұрғындардың 41,9 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар