Жамбылда тағы бір ақсақал COVID-тен айықты
73 жастағы зейнеткер Сарысу аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөлімінен шығуға дайындалуда, —деп хабарлайды «Jambylinfo» ақпарат агенттігі.
Ауыр сырқаттан айыққан Жаңатас қаласының тұрғыны 1948 жылы туған, Әбілқасым Ишпеков стационардан үйіне оралуын үлкен қуанышпен күтуде. Осыдан 12 күн бұрын дене қызуы 38 * С көтеріліп, сатурациясы (SpO2) 89-91% төмендеп, бірден екі өкпесінің қабынуымен ауыр жағдайда Сарысу аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөліміне шұғыл жатқызылған болатын.
Зейнеткердің жағдайын артериалдық гипертензия, ЖИА сияқты қосалқы аурулары нашарлата түскен. Алайда медицина қызметкерлерінің уақытылы жүргізген тексерулері мен дұрыс тағайындалған ем нәтижесінде, науқастың денсаулығы жақсарып, сауығуға бет алған.
Стационардан шығуға дайындалып отырған Әбілқасым ата аурухананың қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, барлығына береке және жұмыстарына табыс, ал бүкіл Қазақстан халқына сақтық шараларын дұрыс ұстанып, ауырмауларын тіледі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Денсаулық
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024