2025 жылға дейін елімізде шағын қалалары мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңғыртылады
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 шілде, 2024
- 448
Министрліктің мәліметінше, 2025 жылға дейін 1000 мектепті жаңғыртудан өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталып отыр.
«Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, ол мектептерді жөндеу, пәндік кабинеттер сатып алу (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары), мектеп жиһаздарын жаңарту, асхана, кітапхана бөлмелерін жаңғырту, сондай-ақ мектепте қауіпсіздік жағдайларын жақсартуды қамтиды»,-деп жазылған министрліктің сайтында.
Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылы 712 мектеп жөнделсе, 532 мектепте 1000-ға жуық пәндік кабинет ашылады.
Бұған қоса, 481 мектепте асхана, 757 мектепте кітапхана жаңғыртылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу жағдайы жақсармақ.