дүйсенбі, 14 қазан, 2024 14:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді
24.kz
Оған адам бопсалау, өзін-өзі басқару баптары бойынша айып тағылып отыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

"Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды", - деп жазады агенттік. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Естеріңізге сала кетейік, Гүлмира Сатыбалды Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар