Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан 13 адам жауапқа тартылды – ІІМ
- авторИндира Тәліпқызы
- 2 мамыр, 2024
- 640
Су тасқынына қатысты жалған ақпарат таратқан 13 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 2 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонында мәлімдеді, деп хабарлады jambylinfo.kz.
КТК телеарнасы хабарлағандай, Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 7 адам, Астана қаласы мен Маңғыстау облысында 2 адам, Атырауда 1 адам және БҚО-да 1 адам жауапқа тартылған.
«Жалған ақпаратты білместіктен тарату заң бойынша жауапкершіліктен босатпайды, біз оны бірнеше рет ескерттік. Жалған ақпараттың дені гуманитарлық көмек ұрланып жатыр, әкімдіктер өздеріне иемденім алды, адам өлімі мен мал қырылды деген сарында. Жалған ақпаратпен күрес жалғасып жатыр, мониторинг жүргізіп отырмыз. Осы орайда жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің барын еске саламыз», - дейді ведомствоның ресми өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қызметінен босатты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024