Қар, боран, көктайғақ: синоптиктер 18 желтоқсанға болжам жасады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:02
- 220
Қазақстан аумағын қамтитын кең циклон елдің басым бөлігінде өз әсерін сақтайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осыған байланысты ауа райы күрт өзгеріп, қар мен боран, сонымен қатар оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Таулы аймақтарда боран соғады, ал республиканың кей жерлерінде көктайғақ пайда болуы ықтимал.
Жел және тұман
Метеорологтардың болжамына сүйенсек, желдің күші республиканың көптеген аймақтарында 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с жетеді. Елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы мүмкін, бұл жол қозғалысына қосымша қауіп төндіруі ықтимал.
Температура өзгерістері
Ауа температурасы да әр өңірде айтарлықтай өзгереді:
Батыс өңірлерде түнде -3…-18°С-тан -0…-5°С-қа дейін, күндіз -5°С…+3°С болады.
Солтүстік-батыс аймақтарда түнде -7…-23°С-тан -0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тен -0…-5°С-қа дейін өзгереді.
Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тен -3…-8°С-қа дейін болады.
Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, күндіз -7…-18°С-тен -5…-15°С-қа дейін күтіледі.
Оңтүстік өңірде түнде -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз -0…-8°С.
Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз температура 0…-5°С аралығында, ал таулы аймақтарда -8…-13°С шамасында болады.





