Елімізде
Қарасай ауданында оқушы қыз мектепте жүріп, белгісіз жағдайда көз жұмды
- авторИндира Тәліпқызы
- 30 сәуір, 2024
- 821
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенімен, қыздың өмірін сақтай алмаған
Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы сабақ үстінде есінен танып, жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қ.Қошмамбет атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы сабақ үстінде өзін нашар сезініп, денсаулығына шағымданған.
«Сабақ үстінде қыз баланың жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024