Елімізде
Қар аралас жаңбыр, екпінді жел: Қазақстанда күн күрт суытады
- авторИндира Тәліпқызы
- 30 сәуір, 2024
- 634
30 сәуір мен 4 мамыр аралығында өзендерде судың деңгейі көтерілуі мүмкін
1-2 мамыр күндері республика аймағында күн суытады. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды jambylinfo kz.
Алина Исмағұлованың айтуынша, 30 сәуірден яғни бүгіннен бастап үш күн қатарынан солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта қатты жауын-шашын болады.
"Бұл күндері түнде жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді", -деді ол.
Ал, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын артынан сел жүруі мүмкін. Өзендерде судың деңгейі көтерілу қаупі бар. Күннің күрт суытуына батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді деп болжанып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024