жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Coventry University Group Қазақстанда брендтік кампус ашуды қарастырып жатыр

Coventry University Group Қазақстанда брендтік кампус ашуды қарастырып жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Білім беру ұйымы әлемнің 70-тен астам елінде серіктестік орнатқан

Coventry University Group Primus Education ЖШС еншілес ұйымы болып табылатын University of Astana мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Қазақстанда халықаралық кампус ашу арқылы өзінің жаһандық ауқымын кеңейтуді қарастырып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
 
Астанада ашу ұсынылып отырған филиал « Coventry University Kazakhstan » деп аталады және алдағы жылдары кезең-кезеңімен енгізілетін бакалавриат пен магистратура бағдарламаларының ауқымын кеңейтеді.
 
Сондай-ақ, Coventry University Group және Primus Education ашылатын филиалдың базасында мұғалімдерді даярлау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ынтымақтастық орнатуды қарастыруда. Бұл бағдарламалар топ құрамына кіретін Ұлттық оқыту және білім беру институтының (National Institute for Teaching and Education) тәжірибесіне негізделеді. Олардың қатарында Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған халықаралық білікті оқытушы мәртебесі бар білім беру саласындағы халықаралық сертификат (iQTS with iPGCE) қарастырылады.

 «Біз Қазақстандағы білім берудің болашағына қатысты перспективаны анықтауға бағытталған пікірталастарға қатысу мүмкіндік алғанымыз,а қуаныштымыз.
Біз әлемнің 70-тен астам университеттерімен және колледждерімен серіктестік орнаттық, ал қазіргі уақытта 21 000-нан астам студенттерге трансұлттық білім ұсынып отырмыз. Біздің желі барлық континенттерді қамтиды және біздің Қазақстанға деген қызығушылығымыз Ковентри университетінің Азиядағы студенттерге қолдау көрсетуге деген ұмтылысын көрсетеді», дейді Британ империясы орденінің иегері (CBE), Ковентри университетінің ректоры, профессор Джон Лэтэм. 

 
Primus Education президенті Алистер Бартоломью болса Ковентри университетінің кампусы тек Қазақстан үшін ғана емес, өзге елдер үшін де зор мүмкіндікке ие екенін атап өтті.

«Қазақстандағы Ковентри университетінің кампусының ашылуы студенттер үшін де, бүкіл ел үшін де тамаша мүмкіндік. Бұл қадам Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру бағдарламаларын қолжетімді етіп, өңірлік білім хабына айналу жөніндегі стратегиялық көзқарасына сәйкес келеді. Академиялық жетістіктерді қолдайтын және озық білім беру тәжірибесін енгізетін прогрессивті мемлекеттік саясат бұл жоспарларға қол жеткізуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз», - деді ол. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар