жұма, 22 қараша, 2024 1:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астана маңындағы Қоянды ауылының жолына бөлінген 1,2 млрд теңгені жымқырған адам Дубайда жүрген

Астана маңындағы Қоянды ауылының жолына бөлінген 1,2 млрд теңгені жымқырған адам Дубайда жүрген
Қоянды ауылы. Жол. Сурет дереккөзі: baq.kz, Олжас Адай
Ақмола облысы Целиноград ауданындағы жергілікті атқарушы органның бұрынғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласында қаражатты тексере келе,  Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеп, салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы кәсіпкермен сыбайласа отырып,  1,2 млрд.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлағанын анықтаған.

Аудан прокуратурасы тіркеген 2 қылмыстық істі сотқа дейін Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізген.

«Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған. 1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар