Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
SCAT әуе компаниясы Астанадан Сербия астанасы Белградқа тікелей қатынайтын жаңа рейстерді іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді Астана – Белград – Астана бағытындағы ұшақтар:
дүйсенбі және бейсенбі күндері,
Boeing 737 ұшағымен ұшады.
Ұшу уақыты – 5 сағат 40 минут. Айта кетейік, Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады.
«Бұл бағытта жолаушылар тарапынан үлкен қызығушылық күтіледі – алғашқы рейспен 92 адам ұшты», – деп хабарлады Көлік министрлігі.
6 қарашадағы билет бағасы 127 837 теңгеден басталады.






